
Иран парламенті Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім АҚШ-тың Иран ядролық нысандарына жасаған соққыларына МАГАТЭ-нің үнсіз қалуына наразылық ретінде қабылданды. Бұл туралы Евронью́с хабарлады.
Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф агенттіктің осындай әрекеті оның халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.
Сонымен бірге, МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық объектілеріне бақылау үшін кіруді талап етуде. Қазіргі уақытта Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарынан Иран ядролық бағдарламасына келген нақты зиян бағалануда.
Иран бұл шабуылдарға қарсы тұрып, материалдар мен жабдықтарды уақытында эвакуациялағанын мәлімдеді.