Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Іскер аймақ»: шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы таныстырылды

«Іскер аймақ»: шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы таныстырылды

Үкімет отырысында шағын және микро бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы таныстырылды.

Бағдарлама өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға және кәсіпкерліктің нақты секторын күшейтуге бағытталған.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, құжат Мемлекет басшысының іскерлік белсенділікті арттыру және шағын бизнесті жедел қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленген. Ал Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық-бюджет саясаты 2026 жылдан бастап бюджеттің кіріс бөлігін шамамен 4 трлн теңгеге арттыруды көздейтінін, бұл қаражаттың басым бөлігі бизнесті дамытуға бағытталатынын айтты.

Бағдарлама ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын кәсіпкерлікті дамытуға басымдық береді. Негізгі бағыттар қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өндірісі, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру, қолөнер бар.

Қаржыландыру өңірлерге екі деңгейлі жүйе бойынша бөлінеді: бірқатар облыстарға субсидиялардың 30%-ына дейін, қалған өңірлерге 70%-ына дейін қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлерге кредиттер бойынша «Даму» қорының 80%-ға дейін кепілдігі беріледі.

Ұқсас материалдар