Қазақстанда өткен жылы ішкі сауда саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік шаралар өз нәтижесін берді.
Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру тетіктері іске қосылып, республика бойынша 460 жоба қаржыландырылды. Жалпы бөлінген қаражат шамамен 4,3 млрд теңгені құрады.
Бағдарлама өңірлерде сауданың заманауи форматтарын дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және сауда ойын-сауық орталықтары бағдарламаға қатыспайды. Облыс орталықтарындағы жобалар үшін кредит көлемі 3 млрд теңгеден аспауы тиіс болса, моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде 1,5 млрд теңге шегінде қарастырылған. Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі 10,75% деңгейінде, инвестициялық мақсаттарға 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін берілетін болып белгіленген.
Мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сауда сөрелерінде орналастыруы міндетті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша үлес кемінде 20%, ал азық-түлік тауарлары бойынша 50% болуы керек. Сонымен қатар жаңа бастаушы өндірушілердің өнімдерін үш ай мерзімге тегін орналастыру қарастырылған.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





