Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – «Эйр Астана» әуекомпаниясының өткен жылғы таза пайдасы 5,3 млн долларды құрады. Оған кіріс және авиаотын құны өсуі себепші болды.
Әуекомпанияның жалпы табысы 10% өсіп, 840,8 млн долларды құрады. Өткізу сыйымдылығы 5%, ал жалпы жолаушы тасқыны 3% үлкейіп, 4,3 млн адам болып отыр.
Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзиттік тасымал 48% ұлғайды. Бұл барлық халықаралық тасымал көлемінің 40%-ін құрайды. Пайдалану шығысы 14% өсті. Ол негізінде авиациялық отынның орташа құнының 27,5% қымбаттануына байланысты болды.
«2018 жылы авиаотынның қымбаттануына және ішкі және халықаралық нарықта негізгі бағыттардағы бәсекелестіктің күшеюі кесірінен оңай болмады. Үстіміздегі жылы авиаотын 2018 жылғы маусымдағы ең жоғарғы құнымен салыстырғанда 16% арзандауы мүмкін. Сондай-ақ, FlyArystan бюджеттік бөлімшеміздің мамырда іске қосылуын күтудеміз. Бюджеттік әуекомпания ішкі және аймақтық бағдарлардағы ұшуларға тамаша мүмкіндік береді. FlyArystan-ды қосуға қажет заңнамалық өзгерістерді қабылдағаннан кейін мүмкін болатын арзан тарифтер жолаушылардың көңілінен шықпақ», - дейді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.