
Қашаған кен орнында бүгінге дейін 115 миллион тонна мұнай өндірілсе, одан бөлек 70 миллиард текше метрден астам газ, 10 миллион тоннадан астам күкірт шығарылды.
Бұл туралы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) басқарушы директоры Джанкарло Рую Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты.
Оның айтуынша, соңғы жылдары біраз жұмыс қолға алынған.
«Қашаған кен орнындағы жұмыс қауіпсіздікті сақтай отырып орындалып жатыр. Ауыр жарақат алу мен қандай да бір оқыс оқиғалар тіркелмеді. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шамамен 18 миллиард доллар бағытталды. Былтыр шамамен миллиард доллар жергілікті қамту саласына кетті», – деп компания басшылығы.