Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақ мұнайының тоқтауы Германияда энергетикалық қауіп тудыруы мүмкін

Қазақ мұнайының тоқтауы Германияда энергетикалық қауіп тудыруы мүмкін

Германияда авиациялық керосин тапшылығына қатысты алаңдаушылық күшейіп отыр.

Сарапшылар мұны Дружба мұнай құбыры арқылы жеткізілетін қазақстандық мұнай тасымалының ықтимал тоқтауымен байланыстырады.

BILD басылымының жазуынша, Берлин билігі Ормуз бұғазы жабылған жағдайда елдегі мұнай, бензин және авиаотын қорын бақылауға алған. Осы мақсатта Германияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанынан арнайы дағдарыс штабы құрылып, оны Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Франк Ветцель басқарады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Германия жылына шамамен 4,5 млн тонна керосин өндіреді. Бұдан бөлек, 6,1 млн тонна импорттайды, ал 1,4 млн тоннаны экспортқа шығарады. Қоймаларда 300 мың тонна авиаотын бар, ал мемлекеттік резерв шамамен 1,1 млн тонна деп бағаланады. Жалпы қор көлемі 10,6 млн тоннаға жетеді, бұл елдің жылдық 9,2 млн тонна тұтынуынан сәл ғана артық.

Алайда басты тәуекел – 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайының «Дружба» құбыры арқылы жеткізілуі тоқтауы мүмкін деген ақпарат. Бұл, ең алдымен, Берлин мен Бранденбург өңірлеріне, сондай-ақ Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына әсер етуі ықтимал. Аталған кәсіпорын Берлин әуежайы үшін авиациялық керосин өндіретін негізгі нысандардың бірі саналады.

ifo Institute президенті, профессор Клеменс Фюст бұл жағдай қазіргі энергетикалық дағдарысты ушықтыруы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, Германия билігі балама жеткізу бағыттарын алдын ала қарастыруы тиіс.

Сарапшылардың бағалауынша, мәселе тек мұнай жеткізілімімен шектелмейді. Ормуз бұғазы төңірегіндегі геосаяси шиеленіс те әлемдік энергетикалық нарыққа қосымша қысым түсіріп отыр.

Ұқсас материалдар