Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан 2026 жылы Германияға мұнай жеткізуді 30%-ға арттырады

Қазақстан 2026 жылы Германияға мұнай жеткізуді 30%-ға арттырады

2026 жылдан бастап Қазақстан Германияға мұнай жеткізу көлемін ай сайынғы 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтады.

Бұл туралы келісім «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland GmbH компаниясының бас директоры Йоханес Бремердің кездесуі барысында жасалды.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау мәселелерін талқылап, өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу туралы қолданыстағы келісімшарттың мерзімі 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. Жеткізілетін мұнай «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ресурстары есебінен қамтамасыз етіледі. Келісімге сәйкес, ай сайынғы жеткізу көлемі 30%-ға артып, 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар:

  • 2024 жылдан бастап Германияға мұнай «ҚМГ Қашаған Б.В.» кен орнынан жеткізіле бастады;

  • 2025 жылы жеткізуге «Теңізшевройл» ЖШС ресурстары тартылды.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстаннан Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілген мұнай көлемі шамамен 1,5 миллион тоннаны құрады.

Ұқсас материалдар