Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті

Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,6%-ға өсті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, бірінші тоқсанмен салыстырғанда экономикалық өсім қарқыны айтарлықтай жеделдеген. Бұған дейін қаңтар-наурыз қорытындысында ЖІӨ өсімі 3% деңгейінде болған.

Төрт айдың нәтижесі бойынша өнеркәсіп саласы қайтадан оң көрсеткішке шықты. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Ал бірінші тоқсан қорытындысында бұл көрсеткіш 99,9%-ға дейін төмендеген еді.

Экономика министрлігі өнеркәсіптің қалпына келуін өңдеу секторындағы өсіммен байланыстырды. Аталған салада өндіріс көлемі 9,9%-ға артқан. Бұған көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, теміржол техникасы, электр жабдықтары өндірісінің ұлғаюы әсер еткен.

Машина жасау саласында да жоғары өсім сақталып отыр. Төрт айда бұл бағыттағы өндіріс көлемі 23,3%-ға көбейген.

Сонымен қатар:

  • жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 2,3 есе;
  • жиһаз өндірісі – 41,7%;
  • фармацевтика – 35,2%;
  • құрылыс материалдары – 27,7%;
  • химия өнеркәсібі – 18,4%;
  • тамақ өнімдері – 14,4% өскен.

Экономиканың негізгі секторлары да тұрақты өсім көрсеткен. Ең жоғары динамика құрылыс саласында тіркелді — 14,5%. Көлік және қоймалау 12%-ға, өңдеу өнеркәсібі 9,9%-ға, сауда 5,1%-ға, ауыл шаруашылығы 3,6%-ға артқан.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы нақты мәнде 6,5%-ға өсіп, жалпы ішкі өнім көлемі 159,5 триллион теңгеден асқан еді.

Ұқсас материалдар