Қазақстан мен Ресей жалпы құны 35 млрд АҚШ долларын құрайтын 59 бірлескен жобаны іске асыруда.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев XXI Ресей–Қазақстан аймақаралық форумында мәлімдеді.
Қазір 30 жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Тағы 29 жоба іске қосылмақ, олардың құны – 30,8 млрд доллар, нәтижесінде 23 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Бірлескен жобалар энергетика, машина жасау, металлургия, химия және ауыл шаруашылығын қамтиды.
Форумға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысты. Министрдің айтуынша, елдер арасындағы өзара сауда айналымын 30 млрд долларға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар форумда еңбек нарығын дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.





