Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банкаралық QR-код жүйесі шілдеде іске қосылады

Қазақстанда банкаралық QR-код жүйесі шілдеде іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR-код арқылы төлем жасау жүйесі биыл шілде айында іске қосылады. Бұл туралы брифингте Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі барлық екінші деңгейлі банктер жаңа жүйеге қосылған. Ұлттық банк маусым айына дейін техникалық жұмыстарды толық аяқтауды жоспарлап отыр. Осыдан кейін қазақстандықтар шілдеден бастап бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады.

Сонымен қатар 19 шілдеден бастап тиісті заң нормалары күшіне еніп, барлық банктер үшін бұл жүйеге қатысу міндетті болмақ. Яғни, кез келген банк қосымшасы арқылы бір QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігі пайда болады.

Ұлттық банк төрағасы жаңа жүйені енгізуде қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Оның сөзінше, банкаралық төлемдер кезінде деректер алмасу жоғары деңгейде қорғалуы тиіс.

– Бұл – әртүрлі банктер арасындағы жүйе. Сондықтан төлемдерге қатысты барлық ақпарат, жеке деректер толық қорғалуы қажет. Қауіпсіздік талаптары сақталмаса, жоба тиімді жұмыс істемейді, – деді Тимур Сүлейменов.

Жаңа жүйе қолма-қол ақшасыз төлемдерді жеңілдетіп, қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Ұқсас материалдар