
Қазақстанда электромобильдер саны жыл басынан бері екі есеге жуық артты. 1 ақпанда 12 655 көлік тіркелсе, 1 тамызға қарай олардың саны 20 775-ке жетті. Бұл – автокөлік санаттары ішіндегі ең жоғары өсім.
Электромобильдердің танымалдығына бірнеше фактор әсер етуде:
-
Мемлекеттік қолдау (көлік салығынан және утильалымнан босату),
-
Төмен пайдалану шығындары,
-
Қоршаған ортаға зиянсыз болуы.
Электромобиль нарығында Қытай брендері басым:
88% жаңа тіркелген көлік – Қытай өндірісі. Былтыр бұл көрсеткіш 79% болған.
Ең танымал маркалар:
-
ZEEKR – 27,3%
-
BYD – 18,7%
-
HONGQI – 10%
2025 жылғы (қаңтар–тамыз) сатылым көлемі:
-
BYD – 964 дана
-
HONGQI – 702 дана
-
ZEEKR – 409 дана
Ең көп сатылған модель – HONGQI E-QM5 (700 бірлік).
Модель | Жүру қоры | Батарея | Бастапқы баға |
---|---|---|---|
ZEEKR 001 | 705 км | 100 кВт⋅с | 20,8 млн тг |
HONGQI E-QM5 | 610 км | 56-72 кВт⋅с | 7,2 млн тг |
ZEEKR X | 560 км | 66 кВт⋅с | 18,5 млн тг |
Инфрақұрылым мен қиындықтар
Қазіргі таңда елде 473 заряд станциясы бар, оның 300-ден астамы Алматыда. Қала билігі бұл санды екі еселеуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, электромобильдер қысқы климатта қуатты көп жұмсайды, бұл – Қазақстан үшін маңызды фактор.
Жаһандық трендпен үндеседі
2025 жылдың алғашқы бес айында әлемде 7,5 млн электромобиль сатылған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 20 млн-нан асады деп күтілуде.
Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, ал нарықтың негізгі бөлігін қытайлық брендтер иеленіп отыр. Ендігі кезекте инфрақұрылымды кеңейту мен қызмет көрсету желісін дамыту.