Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай электромобиліне сұраныс артты: ZEEKR, BYD және HONGQI алда келеді

Қытай электромобиліне сұраныс артты: ZEEKR, BYD және HONGQI алда келеді

Қазақстанда электромобильдер саны жыл басынан бері екі есеге жуық артты. 1 ақпанда 12 655 көлік тіркелсе, 1 тамызға қарай олардың саны 20 775-ке жетті. Бұл – автокөлік санаттары ішіндегі ең жоғары өсім.

Электромобильдердің танымалдығына бірнеше фактор әсер етуде:

  • Мемлекеттік қолдау (көлік салығынан және утильалымнан босату),

  • Төмен пайдалану шығындары,

  • Қоршаған ортаға зиянсыз болуы.

Қытай автокөліктері көш бастап тұр

Электромобиль нарығында Қытай брендері басым:

88% жаңа тіркелген көлік – Қытай өндірісі. Былтыр бұл көрсеткіш 79% болған.

Ең танымал маркалар:

  • ZEEKR – 27,3%

  • BYD – 18,7%

  • HONGQI – 10%

2025 жылғы (қаңтар–тамыз) сатылым көлемі:

  • BYD – 964 дана

  • HONGQI – 702 дана

  • ZEEKR – 409 дана
    Ең көп сатылған модель – HONGQI E-QM5 (700 бірлік).

Үш танымал модельдің салыстырмасы:

Модель Жүру қоры   Батарея Бастапқы баға
ZEEKR 001 705 км 100 кВт⋅с 20,8 млн тг
HONGQI E-QM5 610 км 56-72 кВт⋅с 7,2 млн тг
ZEEKR X 560 км 66 кВт⋅с 18,5 млн тг

Инфрақұрылым мен қиындықтар

Қазіргі таңда елде 473 заряд станциясы бар, оның 300-ден астамы Алматыда. Қала билігі бұл санды екі еселеуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, электромобильдер қысқы климатта қуатты көп жұмсайды, бұл – Қазақстан үшін маңызды фактор.
Жаһандық трендпен үндеседі

2025 жылдың алғашқы бес айында әлемде 7,5 млн электромобиль сатылған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 20 млн-нан асады деп күтілуде.


Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, ал нарықтың негізгі бөлігін қытайлық брендтер иеленіп отыр. Ендігі кезекте инфрақұрылымды кеңейту мен қызмет көрсету желісін дамыту.

Ұқсас материалдар