Қазақстанда сиыр еті бағасы күрт өсіп, келісі 5-6 мың теңгеге жетті. Сарапшылар мұны бидай мен мал азығы бағасының қымбаттауымен байланыстырады.
2025 жылы мол өнім жиналғанына қарамастан, бидайдың ішкі нарықтағы бағасы төмендеген жоқ. Қытайға азықжемдік ұн экспортының артуы кебек пен құрама жемді екі есеге жуық қымбаттатып, мал шаруашылығына салмақ түсірді.
Бағаның өсуіне байланысты Үкімет сиыр еті мен бұқашық экспортын шектеді. Алайда фермерлер бұл шара ет комбинаттарының сатып алу бағасын төмендетіп, шаруашылықтарды шығынға ұшыратқанын айтады.
Қазір бордақылау алаңдары банкроттық қаупіне тап болған. Үкімет 2026 жылдан бастап мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал әзірге ет бағасының қымбаттауы халықтың қалтасына салмақ түсіруде.





