Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

Қазақстанда кезекті жол-құрылыс маусымы басталып, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Ал солтүстік облыстарда жобаларды іске асыру ауа райы тұрақталғаннан кейін басталады. Қазір бұл аймақтарда құрылыс маусымына дайындық, материалдар әзірлеу және техника мен жұмыс күшін жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр.

2026 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық жолдарды орташа жөндеудің ауқымды жобасы жүзеге асырылады. Жалпы 122 нысан қамтылмақ. Оның 73-і – 2025 жылдан өтпелі жобалар, ал 49-ы – жаңа нысандар.

Жөндеу жұмыстары елдің негізгі көлік дәліздерін қамтиды. Атап айтқанда, ЖезқазғанПетропавл, АлматыШелекҚорғас, АтырауОрал, АстанаЕрейментауШідерті бағыттары бар.

Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Биыл 25 нысандағы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде 20 жоба өткен жылдан өтпелі. Барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар анықталған.

Ұқсас материалдар