Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Теңіз флотында оқу және жұмыс істеу үшін грант ұсынылып жатыр

Теңіз флотында оқу және жұмыс істеу үшін грант ұсынылып жатыр

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, қазақстандық теңіз флоты үшін мамандар даярлаудың төрт жылдық бағдарламасына екінші лекке қабылдау жариялады.

Әңгіме «Кеме жүргізу» және «Кеме механикасы» мамандықтары бойынша оқыту туралы.

Мәлімдемеге сәйкес, оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Компания гранты оқу ақысын, тұру шығындарын, шәкіртақыны, сондай-ақ оқуды бітіргеннен кейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» кемелеріне жұмысқа орналасуды толық қамтиды.

Қабылдау шарттары бойынша өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 17 мамырға дейін. Іріктеу кезеңдері тестілеу, сұхбаттасу және мотивациялық хат дайындау арқылы жүзеге асырылады. Құжат онлайн режимде қабылданады. 

Компания болашақ қатысушылар үшін жақсы физикалық дайындықтың маңызды екенін атап өтті. Себебі теңіздегі жұмыс төзімділікті және ерекше жағдайларда еңбек етуге дайын болуды талап етеді.

Өткен жылы бірінші лекке іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен 10 үміткер таңдап алынған болатын. Қазіргі уақытта отандық теңіз флотының болашақ мамандары үшін екінші топ жасақталып жатыр.

Ұқсас материалдар