Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті. Бұл – елдің жалпы ішкі өнімінің 21%-ы.

Қаржы министрі Мәди Такиев «қарыз деңгейі бақылауда» дегенімен, депутаттар бұған күмәнмен қарайды.

18 маусымда Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Ол мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңге екенін айтты. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, бұл – орташа деңгей. Министр осыны алға тарта отырып, ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді.

Алайда Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, соңғы 10 жылда Қазақстанның мемлекеттік қарызы екі жарым есе артқан. Себебі, Жоғары аудиторлық палата бірнеше жылдан бері ескерту жасаса да, мәселе шешілмей келеді.  Депутат Савельева министрге нақты сұрақ қойды:

«Бұл нормалар қағаз жүзінде жазылды. Бірақ олар нақты іс жүзінде қалай жүзеге асады? Қаржы министрлігі қандай нақты механизмдер әзірледі? Жаңа талаптар бұрынғы кемшіліктерді жоя ала ма?», – дейді депутат.

Мәди Такиев мемлекеттік қарыз деңгейі басқарылатын деңгейде деп сендіреді. Оның пікірінше, мәселенің мәні – бюджет тапшылығын азайтып, салық базасын кеңейтуде жатыр.

«Мемлекеттік қарызды қысқарту үшін екі жол бар: біріншісі – бюджет тапшылығын азайту, екіншісі – салық түсімін арттыру. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр. 

Ұқсас материалдар