Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы – «ҚазМұнайГаз» АҚ «Akkaiyn Operating» ЖШС-ның 50% үлесін сатып алып, компанияның тең иесі атанды.
Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатта көрсетілді.
Құжатқа сәйкес, 25 қараша 2025 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» «Akkaiyn Operating» ЖШС-ның жарты үлесіне иелік етеді.
Компанияның қалған 50% үлесі Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V. компаниясына тиесілі екені Egov.kz деректерінде көрсетілген.
«Akkaiyn Operating» ЖШС геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарымен айналысады, алайда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қамтымайды.





