Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ҚазМұнайГаз» Қытайдың CNOOC компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды

«ҚазМұнайГаз» Қытайдың CNOOC компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай-газ компаниясы (ҚМГ) Қытайдың жетекші мұнай-газ корпорациясы China National Offshore Oil Corporation (CNOOC)-пен серіктесе отырып, «Zhylyoi Operating» атты бірлескен кәсіпорын құрды.

Кәсіпорын Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі «Жылыой» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге бағытталған. Тараптар 2025 жылғы 24 маусымда барлау және өндіру жөніндегі келісімшартқа қол қойған.

  • Бірлескен кәсіпорындағы үлестер: ҚМГ – 50%, CNOOC – 50%.

  • Инвестициялар көлемі: кемінде $31,5 млн.

  • Зерттеу кезеңіндегі шығындарды CNOOC қаржыландырады.

  • «Zhylyoi Operating» ресми түрде 2025 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді.

  • CNOOC атынан жобада CNOOC Hong Kong Holding Limited компаниясы қатысады.

  • Кәсіпорынның директоры болып Ху Гэнчэн тағайындалды.

Жобаның геологиялық деректері:

  • Учаске аумағы: шамамен 960 шаршы шақырым.

  • Болжамды мұнай ресурсы: 185 млн тоннадан астам (алдын ала бағалау).

Геологиялық барлау жұмыстары аясында:

  • 400 км² аумақта 3D-сейсморазведка жүргізіледі (дала жұмыстары, мәліметтерді өңдеу және интерпретация).

  • 400 шақырымдық 2D-деректер қайта өңделеді.

  • Екі барлау ұңғымасы бұрғыланады:

    • 2000 м тереңдікте – үстіңгі тұз қабатындағы,

    • 4500 м тереңдікте – тұз асты қабатындағы (нақты тереңдік сейсмобарлау нәтижесіне байланысты анықталады).

CNOOC қалай серіктес атанды?

ҚМГ 2024 жылы қыркүйекте стратегиялық серіктес іздеу туралы хабарландыру жариялаған. Үміткерлерге қойылған талаптар қатарына мыналар кірді:

  • Өнеркәсіптік мұнай өндіруде кемінде 10 жыл тәжірибе;

  • Геологиялық барлауда кемінде 5 жыл тәжірибе;

  • $200 млн көлемінде меншікті капитал;

  • Кәсіби менеджмент пен саладағы халықаралық тәжірибе.

Алайда, егер серіктес немесе оның бас компаниясы Forbes Global 2000 тізімінде болса, бұл талаптар жеңілдетілуі мүмкін еді. CNOOC бұл тізімде 84-орында тұр, сондықтан ол серіктестікке тікелей лайық деп танылды.

Бұл серіктестік Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты тереңдете түседі. Сонымен қатар, ҚМГ-ның халықаралық инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді.

Ұқсас материалдар