Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚазМұнайГаз пен ExxonMobil ынтымақтастықты кеңейтеді

ҚазМұнайГаз пен ExxonMobil ынтымақтастықты кеңейтеді

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларден кездесті.

Кездесуде геологиялық барлау, мұнай өндіру және тасымалдау салаларында инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Қолданыстағы құпиялылық туралы келісім аясында ExxonMobil Қазақстандағы перспективалы геологиялық барлау учаскелерін кешенді зерттеп жатыр. ҚМГ ресурстық базаны толықтыру стратегиясы шеңберінде ExxonMobil-ді еліміздегі жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ қазақстандық мұнайды тасымалдаудың қосымша экспорттық бағыттарын дамыту мүмкіндіктерін және 2025 жылы қол қойылған мұнай-газ секторындағы жаңа технологиялар жөніндегі ынтымақтастық келісімін іске асырудың алдағы жоспарларын қарады.

Ұқсас материалдар