«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау қызметтерінің тарифтері өзгеретінін мәлімдеді.
Жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне еніп, Қазақстаннан тыс жерлерге мұнай экспорттау және ел аумағы арқылы транзит кезінде қолданылады.
Компанияның хабарлауынша, 2026 жылғы 30 қаңтардағы №7 бұйрыққа сәйкес (ҚҚС-сыз) мынадай тарифтер бекітілген:
– Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында теміржол цистерналарынан мұнай құю – 1 тоннаға 1 715,05 теңге (өсім 969 теңге немесе 130%);
– Мұнайды аталған станциядан «Кенкияк–Атырау» мұнай құбырына ауыстыру – 1 тоннаға 80,99 теңге (өсім 0,6 теңге немесе 0,8%);
– «Шағыр» мұнай құю эстакадасында теміржол цистерналарына мұнай құю – 1 тоннаға 517 теңге (өсім 236 теңге немесе 84%).
Сондай-ақ №8 бұйрыққа сәйкес, 1 наурыздан бастап Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитпен тасымалдау тарифтері де өзгереді:
– Өзбекстанға транзиттік тасымалдау – 1 тоннаға 28,02 АҚШ доллары (өсім 0,12 доллар немесе 0,4%);
– «Шағыр» пунктінде теміржол цистерналарына мұнай құю – 1 тоннаға 0,96 АҚШ доллары (өсім 0,12 доллар немесе 14%).
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жүйесінің ұлттық операторы. Компания «ҚазМұнайГаз» тобына кіреді және ұзындығы 5,2 мың шақырым болатын мұнай құбырлары желісіне иелік етеді. Сонымен қатар 5 мың шақырымнан астам өзге ұйымдардың құбырларына техникалық қызмет көрсетеді.





