Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚазҰУ колледжінде ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық акция өтті

ҚазҰУ колледжінде ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық акция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ДДСҰ-ның «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранын негіз еткен ақпараттық акция ұйымдастырылды.

Шара Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (КМПА), «Шеврон» компаниясы және Алматы қалалық ЖИТС орталығының қолдауымен «Болашағымызды бірге жоспарлайық!» жобасы шеңберінде өтті.

Студенттерді ұйымдастырушылар атынан Ж. Қошпанова мен И. Юзкаева қарсы алып, шара мақсаты туралы айтты. Алматы қалалық ЖИТС орталығының эпидемиологы А. Джуманова АИТВ-ның таралу жолдары, алдын алу тәсілдері және инфекцияның ерекшеліктері жөнінде түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар, Еуразиялық Әйелдер ЖИТС желісінің өкілі Л. Воронцова АИТВ жөніндегі жаһандық және ұлттық жағдай туралы жаңартылған деректермен бөлісті.

Іс-шара барысында студенттерге арналған викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Өз АИТВ-статусын білгісі келгендерге өзін-өзі тестілеу жиынтықтары ұсынылды. Мамандар инфекцияны ерте анықтаудың маңызын атап өтіп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы жою қажеттілігіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы терапия толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретіні және вирустық жүктемесі анықталмайтын адамдардың инфекцияны жыныстық жолмен таратпайтыны туралы ақпарат берілді.

Жоба аясында Астана және Алматы қалаларындағы ЖОО мен колледж студенттері жан-жақты жыныстық білім беру бойынша оқудан өтіп, жастар денсаулық орталықтарының мамандары репродуктивті денсаулық пен АИТВ тақырыптары бойынша кәсіби білімін жетілдіруде.

Ұқсас материалдар