Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кегендік шаруалар жаңа техникаға қол жеткізді

Кегендік шаруалар жаңа техникаға қол жеткізді
Фото: Кеген ауданының әкімдігі

Қырғызстан республикасы Түп ауданы әкімшілігі басшылары Кеген ауданына іс-сапары  кезінде ауыл шаруашылығы техникаларымен танысып, шаруаларға тапсыру шарасына қатысты.

 
Шара барысында Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев пен Түп ауданының әкімі Қаныбек Әдиев шаруа қожалық иелеріне жаңа тракторлардың кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Кеген ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 2024 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 5 пайыз жеңілдікпен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында несие рәсімдеу арқылы «КазАгроҚаржы» АҚ компаниясынан ауданда  20 дана ауыл шаруашылығы техникасы  192 млн теңге ге сатылып алынды. Оның ішінде 16 ауыл шаруашылығы техникасы (трактор),  қосымша 4 тіркеме тіркелді (2024 жылға 16 трактор, 4 қосымша тіркеме алынды).



Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ  компаниясынан ауданда 10 дана ауыл шаруашылығы техникалары 140 млн 820 мың теңгеге алынды. Аталған бағдарлама бойынша «Белагро тех», «Агро Тех Менеджмент» компанияларының өкілдерінің қатысуымен  12 округті аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




Нәтижесінде аудан бойынша  35 ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша өтінімдер берілді. «Агро Тех Менеджмент» компаниясы арқылы сәуір айында 7 юто трактор, мамыр айында 5 юто тракторы тапсырылады деп жоспарлануда.

Ұқсас материалдар