Тергеу мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың желтоқсанында Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салуға 1 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.
Алайда мердігер компания аванстық төлем алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға қатысты жалған шарттар ұсынған.
Соның негізінде тапсырыс беруші тарап мердігерге 211 млн теңге көлемінде қаражат аударған. Бірақ құрылыс жұмыстары толық орындалмай, тұрғын үй нысандары пайдалануға берілмеген.
ҚМА дерегінше, бөлінген бюджет қаржысы жеке қажеттіліктерге жұмсалып, контрагенттермен есеп айырысуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға пайдаланылған.
Қылмыстық іс бойынша күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.





