
Көлік министрі қызметіне Нұрлан Сауранбаев тағайындалды. Жарлыққа Қазақстан президенті қол қойды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 8 маусымынан бері бұл қызмет бос тұрды. Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.
Ол 2010-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры болды.
2011-2014 жж. – индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014-2016 жж. – қорғаныс министрінің орынбасары.
2016-2017 жж. – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.
2017-2018 жж. – Шымкент қаласының әкімі.
2019-2021 жж. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.
2021 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады.