Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жаңарту, соның ішінде жеңілдетілген несие жүйесін енгізу мәселесі көтерілді.

Бұл туралы Ұлттық құрылтай мүшесі, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін жеке инвесторларды кеңінен тарту қажет. Оның пікірінше, мұндай бағдарламаларды қаржыландырудың кемінде 25 пайызы банктер мен даму институттары арқылы жеке капитал есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сонымен қатар мемлекет көрсетілетін қолдаудың нәтижелілігін тұрақты бақылауда ұстауы қажет.

– Қолдау шараларының тиімділігі цифрлық платформалар арқылы қадағаланып, олардың экономикалық әсері жыл сайын талдануы керек. Бизнесті қолдау мемлекетке нақты қайтарым әкелуі тиіс, – деді халық қалаулысы.

Ұқсас материалдар