Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қырғызстанда президенттің інісі мен ҰҚҚ төрағасының бажасы қамауға алынды

Қырғызстанда президенттің інісі мен ҰҚҚ төрағасының бажасы қамауға алынды

Қырғызстанда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Садыр Жапаровтың інісі Улан Жапаров қайтадан ұсталды. Ол 19 тамызға дейін қамауға алынған.

Кейбір деректер бойынша, ол бір облыстағы президенттің өкілі қызметін уәде етіп 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда уәдесін орындамаған.

Улан Жапаров бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталған болатын. Ол тергеу изоляторына қамалған, 4 айдан кейін босатылған.

Кеше ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевтің бажасы да алаяқтық фактсі бойынша ұсталған. Ол Түркия азаматы А. С.-пен бірге алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жергілікті кәсіпкердің ірі сомадағы ақшасын иемденгені анықталды. Кәсіпкер ҰҚК-ге тиісті арызбен жүгінген. Бұдан кейін Тәшиев туыстығына қарамастан тергеу жүргізуді бұйырып, тергеу барысында бажасы қамауға алынған.

Бұған дейін президенттің қарындасы Лазат Нұрқожоеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков есірткі тарату және өндіру күдігімен ұсталған болатын. Ол оның алдында Лазат Нұрқожоеваға тікұшақпен келіп, ұсыныс жасап, кейін қызғызстандықтардың қызу талқысына түскен. Бұл үшін президенттің өзі халықтан кешірім сұраған еді.

Бүгін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов президент пен ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевтің жақын туыстарының ұсталғаны туралы мәлімдеме жасады.

«Кейбір ақпараттық сайттар дереккөздеріне сілтеме жасап, президент Садыр Жапаров пен ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевтің туыстарының қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны туралы хабарлады. Құзыретті органдар олардың заңсыз әрекеттері туралы ресми ақпарат береді. Мен елдің жоғары басшылығы заңсыз іс-әрекетке барғандарды қолдамайтынын тағы да еске салғым келеді», - деп атап өтті ол.

Алагозовтың айтуынша, президент Садыр Жапаров қылмыс жасағандар, лауазымы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс, деп есептейді.

Ұқсас материалдар