Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Lotte Confectionery «Рахат» АҚ акцияларын 2,3 млрд теңгеге сатып алды

Lotte Confectionery «Рахат» АҚ акцияларын 2,3 млрд теңгеге сатып алды

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Рахат кондитерлік фабрикасының акционері - кореялық Lotte Confectionery компаниясы миноритарийлерден 112,4 мың жай акцияны 2,3 млрд теңгеге сатып алды, - делінген «Рахат» АҚ-ның KASE сайтында жарияланған хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, акционер айналыстағы қалған 7,56% акцияларды - 272 мың 13 дана сатып алуды жоспарлап отыр.

Осылайша, Lotte Confectionery жоспарланған көлемнің 41,3%-ін сатып алды.

Бір жай акцияның бағасы 20 мың 228 теңгені құрады.

Сауда 2019 жылғы 21 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өткізілді.

Lotte Group 2013 жылы «Рахат» АҚ-на кірді.

«Рахат» фабрикасы 1942 жылы ашылды. Жалпы саны 250 кондитерлік өнімдерді шығарады. Өнімді Ресей, Германия, Монғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан сияқты көптеген алыс және жақын шетел елдерге экспорттайды.

«Рахат» АҚ негізгі акционері оңтүстік кореялық LOTTE Confectionery болып табылады. Lotte Confectionery 1967 жылы Сеулде құрылған Lotte Group құрамына кіреді.Оның фабрикалары Сеул, Тэджон, Янсан, Пхентхэке және Сихында орналасқан.

Ұқсас материалдар