Экономика
Ұлттық банк валюта тізімін кеңейтпек: теңге бағамы 48 валютаға қатысты белгіленеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Жобаға сәйкес, ресми бағам белгіленетін валюталар тізімі кеңейтіледі. Қазіргі 39 валюта орнына олардың саны 48-ге дейін ұлғаймақ.
Түсіндірме жазбада бұл өзгеріс қаржы жүйесін жетілдіру және валюта нарығындағы қамтуды кеңейту мақсатында ұсынылғаны айтылған. Сонымен қатар жаңа қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Салық және Цифрлық кодекстерге, сондай-ақ «Ұлттық банк туралы» заң талаптарына сәйкестендірілмек.
Құжат жобасы 19 мамырға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.





