Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Лукойл» Батыс санкцияларының салдарынан халықаралық активтерін сатпақ

«Лукойл» Батыс санкцияларының салдарынан халықаралық активтерін сатпақ

Ресейлік мұнай компаниясы «ЛУКОЙЛ» АҚШ пен Ұлыбритания енгізген санкциялардан кейін өзінің шетелдегі активтерін сатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, қазір әлеуетті сатып алушылардан өтінімдер қабылдау басталды және түрлі елдердегі активтерді сату бойынша келіссөздер жүргізуге дайын.

«Жекелеген мемлекеттердің шектеу шараларын енгізуіне және бірқатар еншілес компаниялардың санкциялық тізімге енуіне байланысты “ЛУКОЙЛ” шетелдік активтерін сату мүмкіндігін қарастыруда», делінген компанияның хабарламасында.

АҚШ Қаржы министрлігі 2025 жылғы 21 қарашаға дейін компаниямен байланысты операцияларды аяқтауға уақыт берді. Алайда кез келген төлемдер тек бұғатталған шоттар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Компания атап өткендей, қажет болған жағдайда «ЛУКОЙЛ» АҚШ-тың OFAC (Шетелдік активтерді бақылау басқармасы) ұйымына рұқсат мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге ниетті. Бұл  сатылатын кәсіпорындардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажет.

«ЛУКОЙЛ» шетелде бірнеше нысанға иелік етеді. Олардың қатарында Болгариядағы мұнай өңдеу зауыты, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, БАӘ және Африкадағы жобалар бар.

Бұған дейін «Лукойл», «Роснефть» және «Татнефть» компанияларының Қазақстандағы активтері туралы да хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар