Мемлекеттік кеңесші «Qazaqstan» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында «қоғамдық пікірталас кезінде аттап кетуге болмайтын шек, яғни, «redline» нақты белгіленуі тиіс», деген пікірін нақтылады. Айта кетейік, Ерлан Қарин бұл туралы жазда «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында жазған еді.
«Бұл жерде жасырып қалатындай немесе оның қалай қабылданатынына уайымдайтындай негіз жоқ деп санаймын. Себебі, билік өзінің негізгі ұстанымдарын ең алдымен ашық жеткізуі керек және бұл ұстанымдар меніңше, барлығына қажет.»,- деді Мемлекеттік кеңесші телеарнаға берген сұхбатында.
Оның айтуынша «redline» бұл шек емес, үндеу. Яғни, бұл қандай да бір цензура, тақырыптарды талқылауға тыйым салынады дегенді білдірмейді.
Ерлан Қарин кейбір тақырыптар, оның ішінде, тіл, дін, ұлтаралық қатынастар мәселесі, сыртқы саясат мәселелері бойынша қоғамдық дискуссияны саясиландырмай, эмоциясыз, салмақты, пікір алмасу қажеттілігіне баса назар аударды:
«Көптеген мемлекеттердің түбіне жеткен осы тақырыптар бойынша даулар. Біздің де қоғам біркелкі емес, әртүрлі. Біз плюрализм, демократия болғанын қаладық. Егер де әрқайсысы әртүрлі жағдайларды эмоциямен, саясиландырып, елді, қоғамды, азаматтарды бөліп, ажыратып, бір-біріне қарсы қойып жатса, зиян тиюі мүмкін».
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр
- 19 қараша, 2024
Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?
- 19 қараша, 2024