Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Михаил Ломтадзе Президентке ішкі туризмді дамытуға арналған сервисті таныстырды

Михаил Ломтадзе Президентке ішкі туризмді дамытуға арналған сервисті таныстырды

Астанада басталған Digital Bridge халықаралық форумында Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан» атты жаңа сервисті таныстырды.

Михаил Ломтадзе бұл қызметті қазірдің өзінде 12 мыңнан астам адамның пайдаланып үлгергенін айтты. Туристік сервис бірнеше ай бұрын ғана іске қосылғанына қарамастан, бүгінде 300 демалыс аймағымен жұмыс істейді.

«Демалыс аймағы – әдетте шағын немесе орта бизнес. Оны дамыту үшін сатылымды арттыру мен тиімді басқару қажет. Біз өз технологияларымыздың, қосымшамыздың көмегімен кәсіпкерлерге клиент тартуға жәрдемдесеміз. Бұрын бизнес клиент іздеуге қаржы мен уақыт жұмсайтын. Енді олар біздің 15 млн клиенттік базамызға тікелей қол жеткізе алады. Сонымен қатар сатылымды арттырудың заманауи құралдарына да ие болады», — деді Михаил Ломтадзе Президентке.

Ол сондай-ақ сервис қалай жұмыс істейтінін көрсетті:
«Барлығы өте қарапайым: сервис Travel бөлімінде орналасқан, одан «Қазақстан» белгішесін таңдау қажет. Содан кейін саяхат бағыты таңдалады. Мұнда орын туралы барлық мәлімет пен фотосуреттер бар. Демалыс аймағының ерекшелігін таңдауға болады. Одан әрі бағытты брондау ғана қалады», — деп түсіндірді Kaspi.kz басшысы.

Оның айтуынша, алдағы 12 ай ішінде Қазақстандағы демалыс аймақтарының 100%-ын қамту жоспарланып отыр.

Ұқсас материалдар