Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай 9 наурызда барреліне 108,17 долларға жетіп, 17%-ға қымбаттады.
WTI маркасы 19%-ға өсті – барреліне 107,82 доллар болды. Бағаның күрт өсуіне Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы әсер етті: АҚШ пен Израиль Иранға және мұнай қоймаларына шабуыл жасады. Сонымен қатар, Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты БАӘ мен Кувейт мұнай өндірісін қысқартатынын хабарлады.
Сарапшылар бұғаз наурыз соңына дейін жабылса, мұнай бағасы барреліне 150 доллардан асып кетуі мүмкін екенін ескертеді. АҚШ Президенті Дональд Трамп мұнай бағасының қысқа мерзімді өсуі әлем қауіпсіздігі үшін төленетін «аз баға» екенін атап өтті.





