Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Moody's бірнеше ұлттық компанияның рейтингтерін көтерді

Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ), «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және KEGOC үшін ұзақ мерзімді эмитент рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді.

Агенттік сондай-ақ ҚМГ-нің негізгі қамтамасыз етілмеген рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді: ҚМГ-ның орта мерзімді облигациялық бағдарламасы бойынша басым қамтамасыз етілмеген рейтинг – (P)Baa2-ден (P)Baa1-ге дейін; KazMunaiGaz Finance Sub B.V орта мерзімді облигациялар бағдарламасы бойынша басым қамтамасыз етілмеген рейтингін - (P)Baa2-ден (P)Baa1-ге дейін.

Барлық төрт компания бойынша болжам оңнан тұрақтыға өзгертілді.
Сонымен қатар Moody's сарапшылары «Қазатомөнеркәсіп» пен «KEGOC» АҚ-тың базалық несиелік бағалауын (BCA) baa3 деңгейінде және «ҚазМұнайГаздың» BCA рейтингін ba1 деңгейінде растады. Эмитенттің Aaa.kz ұлттық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді рейтингі де расталды.

«Бүгінгі рейтингтік әрекеттер 2024 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімді эмитент рейтингтері мен жоғары қамтамасыз етілмеген борыш рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін жоғарылатып, болжамды өзгерткеннен кейін жасалды», - деп түсіндірді рейтингтік агенттік.

Айта кетейік, Moody’s Қазақстанның ұзақ мерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерген еді. Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі. 

Ұқсас материалдар