Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мүтәліп пен Жақыпов ERG басқаруына кірді

Мүтәліп пен Жақыпов ERG басқаруына кірді

Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group (ERG) менеджерлер кеңесінің құрамын жаңартты.

Компанияның ресми мәліметіне сәйкес, басқару құрамына Қазақстан атынан төрт өкіл енді.

Кадрлық өзгерістер ERG акционерлік құрылымындағы ірі мәміледен кейін жүзеге асты. Бұған дейін кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке тиесілі Nature Energy Solutions Ltd. компаниясы холдингтің 39,3 пайыз акциясын сатып алған болатын. Аталған үлес бұрынғы акционерлер – Патох Шодиев пен марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі болған.

Жаңа құрылымға сәйкес, бұрын менеджерлер кеңесінде болған Сабир Шодиев пен Эдуард Сурлевич өз қызметтерін тоқтатты.

Қазіргі таңда ERG менеджерлер кеңесінің құрамында:

  • Шухрат Ибрагимов – кеңес төрағасы, компания негізін қалаушылардың бірі марқұм Әлиджан Ибрагимовтың ұлы;
  • Шахмұрат Мүтәліп – жаңа ірі акционер әрі құрылыс саласындағы кәсіпкер;
  • Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» қорының басшысы;
  • Роман Скляр – мемлекет атынан кеңес құрамындағы өкілетті тұлға.

Компаниядағы өзгерістер ERG-дің корпоративтік басқару жүйесін жаңғырту кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Холдингтің Қазақстандағы өндірістік активтерін басқаруды бұрынғыдай Кудрәт Шамиев жалғастырады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа акционерлер мен басқарушылардың келуі компанияның даму стратегиясына, инвестициялық саясатына және өндірістік жобаларына жаңа серпін беруі мүмкін.

Ұқсас материалдар