Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Ол бұл қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы лауазымынан босатылды. Нұрлан Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан темір жолы, ҚазМұнайГаз сияқты ірі ұйымдарда қызмет атқарған.
Сондай-ақ әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеп, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Бәйтерек» холдингінде басшылық қызметтерді атқарды.
2024 жылы ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған еді.





