

Халықаралық консорциум басшысы 2024 жылдың қорытындысы туралы ақпарат берді.

Бүгінде айдау көлемін жылына 67 млн тоннадан 81,5 млн тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаске бойынша жылына 53,7 млн тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілді. КҚК мұнай құбырының «тар» тұстарын жою жобасын іске асыру нәтижесінде биылғы қазан айында мұнай жөнелту көлемін 1 млрд тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.


Кездесу барысында консорциумның әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. КҚК Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жобаны іске асыруда, оның ішінде Атырау қаласында 900 орындық мектеп салуда. Өткен жылы әлеуметтік жобаларға барлығы 4,4 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы білім беру және медициналық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін шаралар жоспарлануда.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласындағы аса ірі жобалардың бірі. «Теңіз-Новороссийск» құбырының ұзындығы 1 511 километрді құрайды. Биылғы қаңтар-сәуір айларында КҚК құбыр жүйесі арқылы 23,9 млн тонна, оның ішінде қазақстандық 21,5 млн тонна мұнай жөнелтілді.