Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Олжас Бектенов Tubacex Group компаниясының вице-президентімен кездесті

Олжас Бектенов Tubacex Group компаниясының вице-президентімен кездесті
 Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов испандық Tubacex Group компаниясының вице-президенті Антон Азлормен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында Үкімет басым салалардағы ынтымақтастық бойынша инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп жатыр. 

Басқосу барысында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық келешегі, атап айтқанда жоғары технологиялы жаңа өндірістерді енгізу мәселелері талқыланды. Жіксіз құбырларды қоса алғанда, мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнімдер шығаруға назар аударылды. 

Шетелдік инвестор Атырау облысында тот баспайтын болаттан және никель қорытпаларынан жасалған жіксіз құбырлар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауытты салу жобасын ұсынды. Жобалық қуаты – 12 мың тонна дайын өнім.

Сонымен қатар заманауи мұнай-газ машинасын жасау зауытын ашудың келешегі талқыланды. ҚР Үкіметі қосылған құны жоғары өнім шығару бойынша өндірістер ашуға баса назар аудара отырып, өнеркәсіп секторына инвесторлар тартуға мүдделі.

Кездесу соңында тараптар әрі қарай ашық және сындарлы диалогке дайын екендерін жеткізді. Тиісті мемлекеттік органдарға жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін пысықтауға жәрдем көрсету тапсырылды.

Ұқсас материалдар