Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, экономикалық реформалар, азаматтардың табысын арттыру және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстарды талқылады.
Кездесуде ішкі жалпы өнім өсімінің негізгі үлесін өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отырғаны айтылды.
2025 жылдың 11 айындағы есеп бойынша көлік қызметі 20,3%, құрылыс 14,7%, сауда 8,8%, ауыл шаруашылығы 6,1%, өңдеу өнеркәсібі 5,9% өскен. Инвестициялар көлемі 18,5 трлн теңгеге жетіп, жеке инвестициялар 9,8% артты.
Мемлекет басшысы Бектеновке инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар шекаралық өткізу бекеттерін жаңарту, жылыту маусымын тұрақты өткізу, ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру шараларының жалғасуы тапсырылды.





