Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еріктілердің қоғамдағы рөліне жоғары баға берді.
Президенттің айтуынша, волонтерлік – игі істер жасау, елге адал қызмет ету және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
– Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтуға болады. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл әлемде Халықаралық еріктілер жылы аталып өтіп жатқанын еске салып, бұл бастаманы БҰҰ-ның 75-сессиясында Қазақстан ұсынғанын атап өтті.
Президент форумда айтылған ұсыныстардың көпшілігін қолдайтынын және ең пайдалысын іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар беретінін жеткізді.
– Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған. Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында, – деді ол.





