Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz – Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2022 жылдың алғашқы ширегінде 28 мың 273 тонна жылқы еті өндірілген. Топ-5 өңір: Түркістан облысы (4 мың тонна), Алматы облысы (3,9 мың тонна), Қарағанды облысы (3,1 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (3,1 мың тонна) және Ақтөбе облысы (2,4 мың тонна), деп хабарлайды 7kun.kz.
Алайда Қазақстан тек жылқы етін өндіріп қана қоймай, өзге елдерден де сатып алады. 2021 жылы еліміз 2,4 мың тонна жылқы етін $5,2 млн-ға сырттан сатып алған. Қазақстан жылқы етін ең көп алған 3 ел: Аргентина (1,1 мың тонна), Уругвай (840 тонна) және Ресей (235 тонна).
Ал жылқы етін экспорттау көрсеткіші мардымсыз. Өткен жылы бар болғаны 40 келі ет мың долларға шетелге сатылыпты. Ол бір ғана ел – Жапония.