Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда демалыс орындарына жолдама қымбаттады

Қазақстанда демалыс орындарына жолдама қымбаттады

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – Туроператорлар биыл Қазақстан ішіндегі жазғы демалыс бағасы қымбаттағанын ескертті. Отандық туристік қауымдастық басшысы Рашида Шайкенова бір ғана Алакөлге бару бағасы 30%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жазғы демалыстар қарсаңында қазақстандықтар Алакөл, Балқаш, Каспий жағалауы, Бурабайға турларды брондауды бастаған. Қауымдастық басшысы биыл Қазақстан ішінде туристер ағыны қандай болатыны әзірге белгісіз дейді. Себебі демалушылардың нақты саны бойынша деректер тек күзде белгілі болады.

«Алакөлге жолдамалар 30% - ға дейін қымбаттады. Туризм саласына ел экономикасында болып жатқан барлық жағдайларға бірден әсер етеді, - деп хабарлады Қазақстан туристік қауымдастық басшысы Рашида Шайкенова.

2021 жылы туған елдің сұлулығын тамашалап, Қазақстан бойынша саяхаттайтын туристер саны бойынша рекорд орнатылды. Олардың саны 7 миллионға жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда барлығы төрт мыңға жуық туриске арналған жатын орын бар. Бір адамның бір тәулік демалуының орташа бағасы, шамамен, 7 мың теңгені құрайды.

Ұқсас материалдар