Тауарларды импорттау кезінде 328.00 нысанын толтыру барысында «валюта коды KZT болуы тиіс» деген қате туындауы мүмкін.
Бұл жағдай есеп жүйесінде KZT орнына басқа валюта көрсетілгенде пайда болады.
Мемлекеттік кірістер органдарының хабарлауынша, мұндай жағдайда салық төлеушілер өздерінің есеп жүйесінің қолдау қызметіне жүгінуі тиіс. Ал СӘИЖ СТК жүйесінде тікелей толтырылатын нысандарда KZT валютасы әдепкі бойынша белгіленгендіктен, қате шықпайды.
Сонымен қатар, 1С:Кәсіпорын платформасын пайдаланатындар үшін 2026 жылдың 19 наурызында арнайы жаңарту шығарылған. Ол валюта деректерін дұрыс түсіруге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, жүйені дер кезінде жаңарту және техникалық қолдау қызметіне хабарласу салық төлеушілерді артық қиындықтардан сақтайды.





