Абай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Семей халықаралық әуежайы ЖШС-не қатысты жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады.
Ведомство мәліметінше, тексеріс барысында кәсіпорын бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілеп, үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталған.
Семей қаласындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен компания кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар монополиялық қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге кіріс мемлекет кірісіне тәркіленді. Сот шешімі заңды күшіне енген.
Департамент әуежайға авиаотынға қатысты негізсіз жоғары баға белгілеуді тоқтату жөнінде нұсқама берген. Ведомствоның хабарлауынша, бұл талап кәсіпорын тарапынан толық орындалған.





