Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сианьнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады

Сианьнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады

Алдағы уақытта Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызы қатынай бастайды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) өкілдерінің кездесуінде белгілі болды.

«Туристік пойыздың жүруі «Үрімші - Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Ұқсас материалдар