Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

TikTok негізін қалаушы Чжан Имин Азияның екінші бай адамы атанды

TikTok негізін қалаушы Чжан Имин Азияның екінші бай адамы атанды

TikTok әлеуметтік желісінің негізін қалаған қытайлық кәсіпкер Чжан Имин Азиядағы ең бай адамдар тізімінде екінші орынға көтерілді.

Bloomberg Billionaires Index дерегіне сәйкес, оның байлығы 92,8 млрд долларға бағаланған.

ByteDance компаниясының негізін қалаушы технология саласының қарқынды дамуы нәтижесінде дәулеті бойынша үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбаниден асып түсті. Алайда Азиядағы ең бай адам мәртебесі әзірге үндістандық кәсіпкер Гаутам Аданиге тиесілі.

Bloomberg рейтингіндегі қазіргі үздік үштік:
• Гаутам Адани (Adani Group) – 117 млрд доллар;
• Чжан Имин (ByteDance/TikTok) – 92,8 млрд доллар;
• Мукеш Амбани (Reliance Industries) – 86,9 млрд доллар.

43 жастағы Чжан Имин ByteDance компаниясын 2012 жылы Бейжіңдегі қарапайым төрт бөлмелі пәтерде бастаған. Алғашқы жобаларының бірі жасанды интеллект негізіндегі Toutiao жаңалықтар платформасы болды.

Компанияның әлемдік серпілісіне TikTok әкелді. Әлеуметтік желінің Қытайға арналған Douyin нұсқасы 2016 жылы іске қосылып, бір жылдан кейін халықаралық нарыққа шықты. 2017 жылы ByteDance Musical.ly сервисін 1 млрд долларға сатып алып, кейін оны TikTok-пен біріктірді.

Қазір TikTok әлемдегі ең ықпалды әлеуметтік платформалардың біріне айналып отыр. Белсенді қолданушылар саны шамамен 2 миллиардқа жуықтайды. Платформа Қазақстанда да кеңінен қолданылады.

Чжан Имин 2021 жылы ByteDance компаниясының басшылығынан кеткен болатын. Сарапшылар мұны Қытай билігінің технологиялық секторға қатысты қатаң саясаты күшейген кезеңмен байланыстырады. Қазір кәсіпкер Сингапурда тұрады және көпшілік алдына сирек шығады. Әлеуметтік желілерде де белсенді емес.

Ұқсас материалдар