Халықаралық Digital Bridge форумының ашылуында ірі халықаралық венчурлық инвестор Тим Дрейпер Қазақстан цифрлық қызмет көрсету саласында АҚШ-тан алда екенін айтты.
«Эстония цифрлық басқаруға басқаша қадам жасады. Онда барлығын онлайн режимінде жасауға болады - тұраққа ақы төлеу және дауыс беру. 6 жыл бұрын Қазақстанға алғаш келгенімде осылардың көбі Қазақстанда енгізіледі деп естідім. Ал қазір сіздерде Kaspi бар, егер мен дұрыс білсем, тіпті ешкім қолма-қол ақшаны пайдаланбайды да және бұл үлкен жетістік – сіздер бұл салада АҚШ-тан әлдеқайда алдасыздар. Ал АҚШ-та Starbucks-қа барсаңыз, кофенің ақысын төлеу үшін қолма-қол тиын беріп жатқан адамды көруге болады. Сіздердегі серпіліс ерекше және оның қоғамға әсері зор».