![Вячеслав Ким Jusan банкті сатып алуға өтінім берді](/uploads/posts/1739434739_PrnOLW45wEeJlVGI6C4-S9lXS_YD02wc/image/post7.jpeg)
Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш берді.
«Мен Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарауында. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды.
Бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ», – деді Вячеслав Ким.
Заң бойынша өтінім 50 жұмыс күніне дейін қаралады.
Вячеслав Ким – алматылық, экономист, қаржыгер, қоғам қайраткері, Kaspi.kz негізін қлаушылардың бірі, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2024 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Añsa Foundation қайырымдылық қорын құрды.