Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Yandex Qazaqstan 2025 жылы 24 млрд теңге салық төледі

 Yandex Qazaqstan 2025 жылы 24 млрд теңге салық төледі

Digital Bridge 2025 форумында Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы Тимур Шалекенов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндады.

 Компания 2025 жылдың басынан бері 24 млрд теңге салық төлеген. Сонымен қатар, «Яндекс Go»платформасы арқылы жұмыс істейтін 105 мың жүргізуші мен курьер мемлекетке 7,3 млрд теңге салық және әлеуметтік төлемдер аударған.

 Бүгінгі таңда Yandex Qazaqstan қызметтерін 10 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Тимур Шалекенов бірнеше жаңа жобаны таныстырды, соның ішінде: Петроглифтерді тану және сипаттау үшін жасанды интеллект моделін әзірлеу – бұл Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға бағытталған жоба.

 Yandex Qazaqstan келесі шешімдерді ұсынып отыр:

Ритейл-камералар – сөрелердегі тауарларды компьютерлік көру арқылы нақты уақыт режимінде бақылау.

Қалалық қызметтерді басқару жүйесі – арнайы техника мен коммуналдық қызметтердің жұмысын автоматтандыру. Бұл жанармай мен жүріс қашықтығын 17%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ИИ-ассистент – 24/7 режимінде азаматтардың сұрақтарына жауап беретін және құжаттар, білім, медицина салаларында нұсқаулықтар ұсынатын жүйе.

Навигациядағы бағдаршамдар деректері – келу уақытын дәлірек болжауға көмектеседі.

Жедел жәрдемнің орналасуын көрсету қызметі – Астана, Қостанай және Ақтөбеде іске қосылды, азаматтарға бригаданың қайда екенін көруге мүмкіндік береді.

2025 жылы 595 мыңнан астам «инватакси» сапары жүзеге асқан, олардың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Оның 35%-ын Yandex Qazaqstan субсидиялаған.

Ай сайын 158 мыңнан астам сапар есту қабілеті бұзылған жүргізушілермен орындалады. Бұл – арнайы бейімдеу бағдарламасының нәтижесі.

Ұқсас материалдар