Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жамбыл облысында жаңа зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында жаңа зауыт іске қосылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған ресми сапары барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларының бөлшектерін өндіретін зауыттың алғашқы кезеңін ашуға қатысты.

Бұл кәсіпорын – «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытайдың SANY Renewable Energy компаниясы арасындағы табысты әріптестіктің нәтижесі. Айта кетейік, бұл – жел энергетикасына арналған жабдықтар өндіретін әлемдегі ең ірі компанияның Қазақстандағы алғашқы жобасы.

Зауыт Шу қаласындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Мұнда гондола, күпшек, мұнара сияқты жел электр стансаларына қажетті негізгі бөлшектер шығарылмақ. Жобаның іске асуы елімізде жаңа электр стансаларын салуға серпін беріп, «жасыл энергетиканы» дамытуға айтарлықтай ықпал етпек.

Ұқсас материалдар