Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаппай декларациялау талаптары өзгерді

Жаппай декларациялау талаптары өзгерді

2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап жаппай декларациялау жүйесіне енгізілген түзетулер күшіне енеді.

Бұл өзгерістер «Салық кодексіне» және оған енгізілетін толықтыруларға қатысты жаңа заңға сәйкес қабылданды.

Декларациядан босатылғандар

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі санаттағы азаматтар декларация тапсырудан босатылады:

  • зейнеткерлер;

  • жеке ұйымдардың жұмыскерлері;

  • жеке кәсіпкерлер;

  • студенттер;

  • үй шаруасындағы әйелдер және өзге де азаматтар.

Алайда, егер олардың шетелде жылжымайтын мүлкі, көлігі, депозиттері немесе басқа да активтері болса, декларация міндетті түрде тапсырылады.

250.00 нысанын тапсыратындар

«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00) тапсыруға міндетті:

  • мемлекеттік және сайланбалы лауазымдарға кандидаттар мен олардың жұбайлары;

  • банктер мен қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;

  • жеке практикамен айналысатындар (нотариус, адвокат, медиатор және т.б.);

  • цифрлық активтері бар азаматтар;

  • шетелде мүлкі, шоттары немесе қымбат мүлкі бар тұлғалар.

270.00 нысанын тапсыратындар

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» (270.00) мына санаттағы адамдар тапсырады:

  • мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары;

  • заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары;

  • ірі үлеске ие квазимемлекеттік сектор өкілдері;

  • цифрлық активтері бар тұлғалар;

  • жыл ішінде қымбат мүлік сатып алғандар;

  • шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен астам қаржысы бар азаматтар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Гүлден Хасенованың түсіндіруінше:

  • Егер фрилансер немесе блогер шетелде табыс тапса, оны 270-ші нысанда көрсету қажет. Сол елде салық төленсе, Қазақстанда қосымша салық салынбайды.

  • Шетелде орналасқан мүлік құнына қарамастан декларацияда міндетті түрде көрсетіледі.

  • Өткен жылы 250.00 нысанын тапсырған жеке кәсіпкерлер, егер шетелде активі болмаса, 2025 жылы декларация тапсырудан босатылады.

  • Бағалы қағаздар әртүрлі болса, олардың әрқайсысы декларацияда жеке көрсетілуі тиіс.

Цифрлық активтер

ҚР заңнамасына сәйкес, цифрлық активтер қатарына криптовалюталар, стейблкоиндар, NFT және өзге де электронды нысандағы активтер жатады.

Ұқсас материалдар